«Отбасының қос шынары – ата мен әже»

        Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата – бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және     салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

     Көрнекілігі: «Ата – балаға сыншы», «Аталы бала ақылды, әжелі бала еркетай», «Атаның сөзі – ақылдың көзі», «Отбасының қос шынары – ата мен әже», «Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп жазылған нақыл сөздер.

Барысы. Кіріспе сөз.  Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кеңін арқалаған айбында аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары!

Қарттарға  құрмет баладан

Кешегі күннің үрдісі.

Зиялы ұрпақ өскені

Ата – ананың үлгісі – деп

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Раушан Орынқызына  беріледі.

Қазақ қонақ десе көсіледі,

Мұңдайда  жан түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,

  1 – жүргізуші: Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Ақыл кеңін арқалаған аталар!

Алдарыңа жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

  2 – жүргізуші. Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

  «Балауса» би тобының орындауында «Балалық шақ» биін тамашалаңыздар!

  1 – жүргізуші. Біздің бағдарламамызда халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру  көзделген.  Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. Ортаға 2 – 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

1 – оқушы. Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп маған қарайтын.

Мен оған талпынсам,

Құшағын жая сап көтеріп алатын.

2 – оқушы. Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге –

Ақ тілеуі әкемнің.

3 – оқушы. Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

Менің әжем – бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

4 – оқушы. Атаң болса анаңмен –

Алтыннан соққан қорғаның.

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың

Інің болса мақтаныш –

Семсер, қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл –

Өкпе – бауыр, жүрегің...

5 – оқушы. Бойға қуат береді –

«Әй, жарайсың» дегені.

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

6 – оқушы. Сабағымнан қалаймын,

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым,

Қуантамын әкемді.

7 – оқушы. Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқылдап жүреміз.

Әкені сыйлаймыз,

Айтқанын тыңдаймыз.

8 – оқушы. Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағыныш сазды жүректен

Сыр арнаймын өзіңе.

1 – жүргізуші:  «Ауыл қарттары» ортаға 5-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

  Дүниеге келер бір рет,

Дария – кеуде, тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет –

Қарттарым, аман – саумысың?!

Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт, еңселі.

Дән иісі жүрген қанында,

Даламның бір – бір бөлшегі.

Арада жылдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп.

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумағалейкум» деп.

Өзге бір менде жоқ тілек,

Өздерің көзбен баққаным.

Жылы жер іздеп кетті деп,

Жазғыра көрме, қарттарым.

Ердім бір сиқыр қаламға,

Шығардым белге жыр көшін.

Болғам жоқ алаң, даламда

Әулие қарттар жүргесін.

Жанды ғой бағы даланың,

Сендерге қуат, дем берсін.

Киесі де оның сендерсің,

Иесі де оның сендерсің.

Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын қазынам.

Ауыра қалсам өзіңнің

Пейіліңмен – ақ жазылам.

Сағынып талай жыр туар,

Оралар әлі – ақ сан жыршы.

Даламның иісі бұрқырап,

Қарттарым, аман – сау жүрші!

  1 – жүргізуші: «Әжемнің ақ сандығы» ортаға 3 – сынып оқушысы Мүбарак Ілияс шақырамыз

Біздің үйде тұрады

Әжемнің ақ сандығы,

Ішін ашсақ табылар

Дәмді – тәтті барлығы.

Сырлы сандық оюлы,

Атам оны жасаған

Әжем сандық иесі

Кетпеген еш ас одан.

Сандық кілті егер де

Қолыңа тисе бір күні

Шалқып тасып кетесің

Сезінесің бір түрлі

Апамның ақ сандығы

Бір күнде бос тұрмаған

Қызықтырып біздерді

Бар тәттіні жинаған.

  2 – жүргізуші. Келесі кезекті әсем әнге берейік. Серғалиева Азизаның орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

  1 – жүргізуші: Кішкентай бишіміз Рахимова Мерейдің орындауында «Шығыс» биі. Қарсы алыңыздар.

  2 – жүргізуші:  Балапандай сәбидің

Қанаты әсте талмасың

Арманы ол әр үйдің,

Биіктерге самғасын.

Жол ашыңдар сәбиге,

Болашағын қорғандар.

Өсе берсін ә үйде

Бүлдіршіндер – армандар!

1 – жүргізуші: Ананы біз сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

  2 – жүргізуші:

Мың бұралған сұлу қыздар өнерлі, Бар халыққа бидің сырын төгеді – дей отыра келесі кезекті әсем биге берейік ортада «Балауса» би тобы «Хуторянка» биімен. Тамашалаңыздар!

Аталар сөзімен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған,

Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Дана халықтың ұрпағымыз біз!

  Ортада 5 сынып қыздары «Бипыл» биімен.

  2– жүргізуші: Ата – бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

2 – жүргізуші: Балалардың қанаттары талмасың

Көк аспанда қыран болып самғасын.

Ақ жол тілеп, баршы мына ұл – қызға

Ақсақал ақ батасын арнасын.

Ауыл ақсақалыдары  Кеңес атадан бата сұраймыз.

  1– жүргізуші: Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе?! Біз бәріңізді жақсы көреміз. Отбасымыз аман болсын! деген тілек айтып, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

 

 

 

 

Автор: ADMIN
Просмотров: 668
Дата создания: 3 Ноября 2012 г.
Дата редактирования: 3 Ноября 2012 г.